National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті

2022 жылғы 20 қыркүйек

БҰҰ штаб-пәтері, Нью-Йорк

Мемлекет басшысы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының аясында Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Питер Маурермен кездесу өткізді.

Жүздесуде Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен кетіп жатқан Питер Маурерге ұйымды басқарған соңғы он жылда табысты жұмысы мен біздің елімізбен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.

Питер Маурер өзінің қызметін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Халықаралық ұйым төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басшылығымен елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың маңыздылығын және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

2026 жылғы 07 шілде

Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 08 шілде

Қ.Б. Жайсанбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің