National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтады

2022 жылғы 22 қазан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хат жолдады.

– Кейінгі онжылдықта екі мемлекет берік достық пен тату көршілікке, ортақ тарихи және рухани құндылықтарға негізделген стратегиялық серіктестік пен шынайы одақтастық қатынас орнатты. Қазақстан мен Ресейдің үлгілі ынтымақтастығының қазіргі деңгейі Сіздің Ресей мемлекетінің басшысы ретіндегі зор үлесіңіздің арқасында мүмкін болды. Ресей – Қазақстанның сенімді сауда-экономикалық серіктесі, еліміздің жетекші инвесторларының бірі. Әртүрлі саладағы бірлескен ірі жобалардың сәтті жүзеге асырылуы өңіраралық диалогтың кеңеюіне және жан-жақты ынтымақтастықтың тереңдеуіне ықпал етеді. Қазақстан мен Ресей көпжақты платформаларда, сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер аясында тығыз ынтымақтастық орнатқан. Бұл мемлекеттердің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келеді, – деп жазылған құттықтау хатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің