National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

2023 жылғы 24 тамыз

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің қазіргі қызметі және алдағы даму перспективасы таныстырылды.

Бас хатшы Қайрат Сарыбай Президентке ұйымның 2022 жылғы  6-шы саммитінде қабылданған АӨСШК трансформациясы жөніндегі Астана мәлімдемесінде көрсетілген негізгі бағыттардың орындалу барысы туралы мәлімет берді.

Бұдан бөлек, форумның тұрақты институттарының жұмысы, орнықты өзара байланыс, қаржылық серіктестік, экология салаларындағы бастамаларды белсенді жүзеге асыру, сондай-ақ Азия елдері кеңістігінде жастар арасындағы және білім саласындағы тәжірибе алмасу перспективалары жөнінде баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ ұйымның Астанада өткен 6-шы саммитінде көтерілген бастамаларды іске асыру маңызды екеніне назар аударды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің