National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

2025 жылғы 24 маусым

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қаржы ұйымымен байланыс орнатқаннан бері еліміз шағын және орта бизнес, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты бірқатар стратегиялық секторда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірлескен жобаларға, соның ішінде «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыруға инвестиция құю ниетін құптады.

Одиль Рено-Бассо еліміздің инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, қаржы институты Қазақстанның инфрақұрылымдық тұрғыдан дамуын одан әрі қолдауға мүдделі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жақында ұзындығы 234 шақырым болатын Ақтөбе – Ұлғайсын автожолын жаңғыртуды қаржыландыру туралы шешім қабылданған. Бұл бағыттың ішкі және халықаралық тасымалды дамытуда маңызы зор.

Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ мен Қазақстан ынтымақтастығы табысты дамып келе жатқанын айтты. Ол 2024 жылы инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артқанын, соның нәтижесінде 1 миллиард еуроға жуықтағанын атап өтті. Бұдан бөлек, банк басшысы Қазақстанның көлік әлеуетін және энергетика секторын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің