National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы

2022 жылғы 14 наурыз

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасынан:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам  бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған «ALTYN BARYS» және күмістен жасалған «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынсын.  

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және басқа да  мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                           Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 наурыз

                       № 830


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің