National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ұлттық банктің «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» атты конференциясына қатысты

Конференцияға сондай-ақ Конституциялық кеңес төрағасы И.Рогов, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, жетекші экономистер мен қаржыгерлер, танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, сарапшылар қатысты.

Г.Әбдіқалықова іс-шарада сөйлеген сөзінде республикамыздың экономикалық тәуелсіздігінің негізін қалаған және ел егемендігін нығайтудағы маңызды қадам болған ұлттық валютаны енгізу жөніндегі Қазақстан Президентінің тарихи шешімінің тағдыршешті әрі көреген  шешім болғанын атап өтті. Ұлттық валютаның пайда болуы нарықтық қарым-қатынастың дамып, тиімді банк жүйесінің қалыптасуына тың серпін берді.

– Тәуелсіздік жылдарында біз жаһандық нарыққа кіріккен заманауи экономика құрып, көптеген шетелдік инвесторларды елімізге әкеліп, халықаралық қоғамдастықтың сенімді серіктесіне айналдық. Мемлекет басшысының сындарлы көшбасшылығының арқасында Қазақстан тұтас бір дәуірге барабар жолдан өтті, – деді Мемлекеттік хатшы.

Соңында Г.Әбдіқалықова барша қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады.

Конференция қорытындысы бойынша Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық сувенирлік банкнот пен монета таныстырылды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы