National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Хатшылығы

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі

Ерлан Ысқақұлы  БАЙТҰҚБАЕВ

Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев 1969 жылғы 19 қаңтарда Жетісу облысында дүниеге келген.

1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1993-2011 жылдары – прокуратура органдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында қызмет атқарған.

2011-2017 жылдары – Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (кейіннен – Инвестициялар және даму министрлігі) Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы маусымнан 2020 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2020 жылғы маусымнан 2023 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі.

2023 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2026 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

II дәрежелі «Айбын» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Отбасылы, екі ұл тәрбиелеп отыр.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару