National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы комиссиялар

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атағын беру жөніндегі комиссия

Комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы  9 қазандағы № 194 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы Жарлығымен құрылған.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атағын беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) негізгі миссиясы – конкурстық негізде өнімнің және/немесе қызметтің сапа саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін Мемлекет басшысы сыйлығының жеңімпаздарын анықтау болып табылады.

 

Негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын алуға арналған конкурстарға (бұдан әрі – конкурстар) қатысу үшін өтінімдер берген қатысушылардың материалдарын қарау;

2) конкурстарға қатысушыларға баға беру және үміткерлерді іріктеу;

3) конкурстардың лауреаттарын және дипломанттарын анықтау.

 

Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына жүктелген.

Комиссия Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтi-кенесшi орган болып табылады және мемлекеттiк басқару органдарының басшыларынан, сапаны басқару саласындағы жетекшi мамандардан, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiнен құралады. Комиссия Төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып табылады.

Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып саналады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару