National Emblem of Kazakhstan

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Государственный советник


Приветственное слово Государственного секретаря Гульшары Абдыкаликовой на круглом столе «Правозащитная деятельность государства и институтов гражданского общества», посвященном 25-летию Независимости Республики Казахстан и международному Дню прав человека

Құрметті жиналған қауым!

Баршаңызды алдағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және халықаралық Адам құқығы күнімен құттықтаймын.

Адам құқығы – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыты және ең басты құндылықтарының бірі болып табылады. Ұлы Дала елінде құқықтық мәдениет қалыптастырудың дәстүрлік тамыры тереңде жатқаны белгілі. Атап айтсақ, ғасырлар сынағынан өткен «Жеті жарғы» заңдар жинағы адами құқықты сақтауда айрықша рөл атқарып,  200 жылдай қолданыста болды.

Сондай-ақ, дала демократиясына негізделген Билер институтының қызметіне ресейлік және еуропалық зерттеушілер жоғары әділдік пен адамгершілікке негізделген «дана сот жүйесі» деген баға берді.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, сақтау мен қорғауға міндеттеме алып, Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығына қатысты алпыстан астам халықаралық келісім-шарттарын ратификациялады.

Қазақстан ширек ғасырда Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Ислам ынтымақтастығы ұйымының, Еуразиялық экономикалық одақтың және басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың беделді мүшесіне айналды.

Келесі жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жаһандық деңгейде шешімдер қабылдайтын болады.

Бұған қоса, 2016 жылы Қазақстан Республикасы өзінің адам құқықтары саласында қабылдаған міндеттемелеріне байланысты дайындалған екі ұлттық баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі комитеті мен Күштеп жойып жіберуден қорғау комитетінде сәтті қорғап шықты.

Бұл игілікті қадамдар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаттағы сындарлы қызметіне берілген жоғары баға әрі елімізде адам құқықтарының сақталуы мен қорғалуына ерекше көңіл бөлініп отырғанының нәтижесі деп білеміз.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитінде жариялаған «Әлем. XXI  ғасыр» манифесінің бітімгершілік құндылықтары халықаралық қауымдастық тарапынан өте зор бағаға ие болды. Елбасының Манифесі бүкіләлемдік ұйымның екі негізгі органы – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.

Манифест адамзатқа төнген қауіп-қатердің алдын алуға негізделген бағдарлама ретінде бағаланып, әлемдегі барлық азаматтардың құқықтарының сақталуына бағытталып отыр.

Уважаемые участники форума!

Права человека в Казахстане развиваются на основе исторического прошлого нашей страны и в соответствии с лучшей мировой практикой. Как отметил Глава государства, «развитие демократических институтов, СМИ, соблюдение прав и свобод наших граждан – важнейшие условия развития независимого Казахстана».

Президент Казахстана придает важное значение развитию конструктивного и партнерского сотрудничества со всеми институтами гражданского общества в сфере защиты прав человека. В республике создана динамично развивающаяся национальная система защиты прав человека. Одними из ее системообразующих элементов являются Комиссия по правам человека при Главе государства и институт Омбудсмена.

Комиссия активно занимается актуальными вопросами дальнейшего развития прав человека в Казахстане. При этом она является надежным связующим звеном между институтами гражданского общества и государственными органами.

Подтверждением курса на последовательное укрепление институтов демократии и прав человека стала ратификация Республикой Казахстан основополагающих международных правовых актов в сфере защиты прав человека и поэтапная реализация рекомендаций договорных органов ООН.

Как известно, в предложенных Президентом страны Пяти институциональных реформах одним из направлений является обеспечение верховенства закона. Мероприятия реализуемого Плана нации предусматривают совершенствование правозащитных механизмов, обеспечения законности и верховенства права в казахстанском обществе.

Пять институциональных реформ и План нации являются конкретной программой по вхождению нашей Республики в топ-30 развитых государств мира.

Уважаемые участники форума!

В завершение хотелось бы выразить благодарность международным институтам: Программе Развития ООН в Казахстане, Международной организации по миграции, Представительству Европейского Союза  и Офису Программ ОБСЕ в Астане, а также правозащитным НПО за конструктивное сотрудничество в сфере защиты прав человека.  

Желаю всем участникам круглого стола плодотворной и результативной работы в этой трудной, но вместе с тем чрезвычайно благородной и необходимой задаче по защите основных прав и свобод человека.

Құрметті қауым!

Алқалы жиынның жұмысына сәттілік тілей отырып, отырыс барысында адам құқықтарын ілгерлетуге қатысты  елеулі ой-пікрлер мен идеялар ортаға салынады деген сенімдемін.

Назарларыңызға рахмет!

 


Вернуться назад Вернуться назад Twitter Facebook Печать

Законы

17 сентября 2022 года

Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнения в Конституцию Республики Казахстан»


Глава государства провел встречу с общественностью Туркестанской области

27 сентября 2022 года

Глава государства провел встречу с общественностью Туркестанской области

Указ

27 сентября 2022 года

О награждении государственными наградами Республики Казахстан