National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы кеңестер

Шетелдiк инвесторлар кеңесi

Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 

 

Негізгі міндеті:

- Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау;

- Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту;

- Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

- Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыруға, өнеркәсіптік секторын индустрияландыруға, шағын және орта бизнесін дамытуға шетелдік компаниялардың жәрдемдесуі;

- Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдік экономикалық процестерге интеграциялау;

- Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту стратегиясы;

- Қазақстан Республикасының халықаралық маңызы бар ірі инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып  табылады.

 

Кеңес Құрамы:

Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.

Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Көлік министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.

Кеңестің шетелдік тараптан құрамы осы Ережеде айқындалған тәртіппен халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының өкілдері, шетелдік компаниялардың бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары қатарынан құрылады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

2026 жылғы 09 қараша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Жарлық

2026 жылғы 03 қараша

Ә.Ж. Жанасова туралы