National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

2026 жылғы 24 қараша

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

      Президенті                                                                       Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 24 қараша

                           № 1577

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2026 жылғы 24 қарашадағы

№ 1577 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның

ҚҰРАМЫ

Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша), Комиссия төрағасы

Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл (келісім бойынша), Комиссия төрағасының орынбасары

Мақжанова Назгүл Сейітқожақызы – кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісім бойынша), Комиссия төрағасының орынбасары

Нұрахметова Гаухар Сердалықызы – гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы (келісім бойынша), Комиссия хатшысы

Айтбаева Светлана Ермекқызы – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Астана қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі (келісім бойынша)

Апенко Инна Сергеевна – кәсіпкер, «Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)

Әлтекова Нұрсәуле Әбдіқадырқызы – «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің республикалық Достық үйі қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы (келісім бойынша)

Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты (келісім бойынша)

Бекбасова Жанар Арыстанбекқызы – стратегиялық коммуникациялар, қоғаммен байланыс және халықаралық ынтымақтастық саласындағы сарапшы, «Turan Business Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

Гребенникова Галина Александровна – отбасын жоспарлау, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын қорғау саласындағы сарапшы, жоғары санатты дәрігер, «Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы (КМПА)» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

Жандай Сана Шайханқызы – кәсіпкер, Алматы қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі (келісім бойынша)

Жандосова Баян Айтбекқызы – «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы – Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Қанай Гүлмира Әмірханқызы – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының вице-президенті (келісім бойынша)

Қожалы Тоғжан Бақытжанқызы – қоғам қайраткері, «HAQ» қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы (келісім бойынша)

Миронюк Татьяна Александровна – «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

Мұқажанова Раушан Мұратханқызы – кәсіпкер, «Адал Ас trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы (келісім бойынша)

Мүкей Айгүл Адиятоллақызы – журналист, қоғам қайраткері, «Jibek Joly» телеарнасының тележүргізушісі, «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қауымдастырылған профессоры (келісім бойынша)

Мырзабаев Ержан Қуандықұлы – отбасылық психолог (келісім бойынша)

Негай Николай Анатольевич – жоғары санатты дәрігер-психиатр, Дүниежүзілік психиатрия қауымдастығының Шығыс Еуропа елдеріндегі өкілі (келісім бойынша)

Рыстина Индира Садыбекқызы – «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі – проректоры (келісім бойынша)

Савицкая Татьяна Ивановна – психолог, медиатор, Қарағанды қаласы әкімінің балалар мен отбасының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Диалог» жанжалдарды шешу орталығы» жеке меншік мекемесінің басшысы, Кәсіби медиаторлар қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

Сағынбаева Аяулым Зарлықанқызы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының басшысы (келісім бойынша)

Сәбитова Әлия Орманқызы – әлеуметтік кәсіпкер, «Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Смышляева Юлья Дмитриевна – «Senim Qogamy» қоғамдық қорының директоры, «Жауапты ата-аналар академиясы» жобасының авторы (келісім бойынша)

Фазылжан Анар Мұратқызы – «А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

Хасенов Муслим Ханатұлы – құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық сарапшы, «М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университеті» акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры (келісім бойынша)

Шиманская Полина Викторовна – журналист, PR және көпшілік алдында сөз сөйлеу саласындағы сарапшы (келісім бойынша)

Шөжеева Азиза Тимурқызы – кәсіпкер, «TechnoWomen Non-profit Organisation» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, саясаттанушы (келісім бойынша)


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің