National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия шешімімен магистратура, докторантура, резидентура бағдарламасы бойынша 84 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді.

Отырыс барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі талқыланды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылды.

Биыл магистратура мен резидентурада оқу үшін 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия бөлінді.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 07 маусым

Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясына қатысты

2023 жылғы 08 маусым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясына қатысты

Жарлық

2023 жылғы 08 маусым

Т.Б. Дүйсенова туралы