National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында алдағы Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын насихаттау үшін Қазақстанға келген шетелдік журналистермен кездесті.

Кездесуге Еуропа, Азия, Солтүстік Африка және ТМД секілді 37 мемлекеттен келген 43 шетелдік БАҚ өкілі қатысты.

Ерлан Қарин бұл сайлаудың негізі бір жыл бұрын, яғни Президент өз Жолауында кешенді реформалар бағдарламасын ұсынған кезде қаланғанын айтты.

Мемлекеттік кеңесші жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар сайлау жүйесіне әсер еткенін, соның нәтижесінде партиялар арасындағы бәсекелестік пен азаматтық белсенділіктің артуына жағдай жасалғанын атап өтті.

– Алдағы сайлау президенттік реформалар бағдарламасы аясында іске асқан мемлекеттік институттарды жүйелі трансформациялау жұмысының қорытындылап, мемлекеттік-саяси жүйенің мүлдем жаңа моделге көшкенін көрсетеді, – деді Ерлан Қарин.

Брифинг барысында Мемлекеттік кеңесші шетелдік журналистердің Қазақстанның ішкі саяси процестеріне қатысты бірқатар сұрағына жауап берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады

2026 жылғы 02 сәуір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы