National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының Конституция кепілі ретінде жалпыға ортақ сайлау құқығын жүзеге асыру туралы Қазақстан азаматтарына Үндеуі

2015 жылғы 24 сәуір

 

Қымбатты отандастарым!

 

Өздеріңізге мәлім, 26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. 

Халқымыз бұл жөнінен жан-жақты хабардар. Қолдаушылар мен кандидаттар облыстарда болып, жұртшылықпен жүздесті.

Бүкілхалықтық сайлау – біздің Конституциямызда, арнайы заңымызда көрініс тапқан аса маңызды саяси іс-шара. Сайлау арқылы азаматтарымыз, біріншіден, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырады, екіншіден, ел басқару ісіне тікелей қатысады. Әрбір азамат өзіне ұнайтын, саясатын түсінетін, халықты алға бастай алады деп сенетін кандидатқа дауыс береді.

Бұл – әлемдік қауымдастық өкілдерінің назарын аударатын ел өміріндегі елеулі оқиға. Сайлауды бақылау үшін елімізге 1 мыңнан астам байқаушылар, 200-ге жуық шетелдік ақпарат құралдарының өкілдері келеді. Олардың алдында біз ынтымағымызды  көрсетуіміз керек. Халық неғұрлым белсене қатысатын болса, соғұрлым еліміздің бірлігі нығаяды, болашаққа деген сенімі беки түседі.

Баршаңызды сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырамын.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің