National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровті қабылдады

2013 жылғы 20 ақпан

 

А.Шәкіров Мемлекет басшысына өткен кезеңдегі қызметінің негізгі нәтижелері туралы баяндап, қазіргі уақытта омбудсмен институты еліміздің саяси-құқықтық жүйесінен лайықты орнын алғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің басым аспектілерін қарастыра келе, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен халықтың ең әлсіз тобының құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелеріне назар аударды.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы еңбек саласындағы қайшылықтарды, құқықтар мен бостандықтардың бұзылуын ескерту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті еліміздегі адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы жұмысты жетілдіруге ықпал ететін заң шығару және ұйымдастыру шараларын қабылдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

2026 жылғы 04 шілде

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің