National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

2012 жылғы 14 қараша

 

Кездесуде Б.Сағынтаев партия жұмысының жүргізілуі, облыстар мен қалаларда мәслихаттар сайлауының қорытындылары туралы баяндады.

Сонымен қатар,  "Нұр Отан" ХДП Төрағасының бірінші орынбасары "Жас Отан" жастар бірлестіктерінің республикалық екінші съезіне дайындық барысы туралы мәлімдеді.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 1150-ге жуық делегат қатысады деп жоспарлануда. Съезде Мемлекет басшысы жастар саясаты мәселелері бойынша сөз сөйлейді деп күтілуде, сондай-ақ "Жас Отан" жастар қанатының 2020 жылға дейінгі жаңа стратегиясы қабылданатын болады.

Қазақстан Президенті кездесудің қорытындысы бойынша республикалық және өңірлік деңгейдегі партияның жұмысын жандандыру жөнінде тапсырма берді.          


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

2026 жылғы 04 шілде

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің