National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Германияның федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады

2014 жылғы 10 қараша

 

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және отын-энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы сөз қозғалды.

Қазақстан Президенті өткен айда Федералдық канцлер А.Меркельмен Миланда жүргізілген келіссөздердің жемістілігін атап айтты.  

– Біз өзара іс-қимылдарымыздың барлық тармақтары бойынша тағы бір рет «сағаттарымызды теңестіріп», ынтымақтастықтың деңгейі жоғары және қарқыны жақсы екенін атап өттік. Біз сіздің елді Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі санаймыз және барлық бағыттар бойынша әрі қарай да жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде осы кездесу үшін алғысын білдірген Ф.Штайнмайер бұл оның Қазақстанға Германия сыртқы істер министрі ретінде келген үшінші сапары екенін айтты.

– Біздің талқылайтын тақырыптарымыз көп. Әлемдегі жағдай күрделенді, дегенмен, айналып өтілмеуге тиіс тамаша сәттер де бар, мәселен Германияда кеше Берлин қабырғасының құлатылуының 25 жылдығы атап өтілді, – деді Германия федералдық сыртқы істер министрі.

Тараптар сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бере алатын бірқатар перспективалы бағыттарға да назар аударды. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 07 сәуір

Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің