National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын және танымал педагог-хореограф, Ресей Федерациясының Халық әртісі Алтынай Асылмұратованы қабылдады

2015 жылғы 27 қаңтар

 

Кездесу барысында отандық мәдениет және балет өнерінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мәдениет саласының елеулі рөлін, оны дамыту үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруды да қоса қамтитын қажетті жағдайларды жақсартудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ел ішінде де, сыртта да  мойындалып үлгерген қазақстандық мәдениеттің әлеуеті зор екеніне назар аударды.

А.Асылмұратова өзін қабылдағаны үшін Қазақстан Президентіне алғысын білдіріп, шығармашылық жоспарлары жөнінде және болашақта еліміздің шығармашылық ұжымдарымен ынтымақтасуға дайын екендігін айтты. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

2026 жылғы 06 шілде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің