National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолинді қабылдады

2017 жылғы 20 қаңтар

Кездесуде А.Смолин Мемлекет басшысына Жоғары Сот кеңесінің 2016 жылғы жұмысының нәтижелері, сондай-ақ «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру барысында судьяларды іріктеу ісін оңтайландыру жөнінде мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот кеңесінің жаңа ереже мен қабылданған заңға сәйкес сапалы кадрларды іріктеу бағытында жүргізіп жатқан жұмысының ерекше рөлін атап өтіп, оның қызметіне басқа органдардың араласуына жол берілмейтінін айтты.

– Біз толық объективтілік болу және араласпаушылық талабы сақталу үшін алғаш рет автономды Жоғары Сот кеңесін құрдық. Қазір судьяларды жаңа ережелер мен жаңа заңға сәйкес іріктеп жатырмыз, – деді Қазақстан Президенті.

А.Смолин судьяларды іріктеу тәртібі мен біліктілік талаптарын қатайтуды көздейтін Ұлт жоспарының 17-қадамының орындалуы туралы баяндады.

– Жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша судья лауазымына елеулі кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар тұлғалар тағайындалады, – деді А.Смолин.

Сондай-ақ, Жоғары Сот кеңесі төрағасы Судьялардың VII съезінде Қазақстан Президенті қойған міндеттерді орындауға қатысты жұмыстар туралы хабарлады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша сот жүйесіндегі кадрлық жұмысты жетілдіру ісін жалғастыруды тапсырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің