National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Шелл" концернінің бас атқарушы директоры Питер Возерді қабылдады

2012 жылғы 30 қараша

 

Кездесуде Қазақстан мен компанияның еліміздің мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды.

Мемлекет басшысы «Шелл» компаниясы республиканың мұнай-газ саласындағы ерекше мәні бар инвесторының бірі екенін атап өтті.

- Концерн бірқатар мұнай-газ кен орындарына, оның ішінде Қашаған тәрізді ірі кен орнына зерттеу жүргізуде Қазақстанның маңызды серіктесі болып саналады. Біз осы кен орындарын одан әрі зерттеу мәселесін және компанияның біздің еліміздегі жұмысының келешегін талқылауға тиіспіз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

П.Возер кездесу үшін алғысын айтты және бұл оның Қазақстан астанасына алғашқы сапары екенін атап өтті.

- Бүгінде біздің компания Қазақстанда жемісті жұмыс істеп жатыр. Біз өзара тиімді ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасын табады деп үміттенеміз, - деді «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры.

П.Возер Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын үлкен жетістіктерімен – Астанаға ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу құқығының берілуімен құттықтады.

«Шелл» компаниясы – түрлі энергетикалық және мұнай-химиялық кәсіпорындарды біріктіретін халықаралық концерн. Компания - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі инвесторы.           


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 06 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді

2024 жылғы 16 сәуір

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің