National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевпен кездесу

2013 жылғы 11 желтоқсан

 

Ә.Исекешев министрліктің қазіргі қызметі мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлердің Ұлттық палатасымен бірлесіп әзірленген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының келесі бесжылдық жоспарының тұжырымдамасы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың соңында бағдарламаның алғашқы бесжылдығы аяқталып, алға қойылған барлық міндеттер орындалатынын айтты. Мемлекет басшысы екінші бесжылдық жоспар аясында инновацияға және мүлде жаңа тәсілдерге ерекше көңіл аударылатынын атап өтті.

 Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі тұжырымдаманы әзірлеу барысында барлық өңірлер мен салалар бойынша кешенді зерттеулер жүргізілгені туралы хабарлады. Талдау қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық саясаттағы өзгерістерді қосқанда, бағдарламаны табысты іске асыру үшін қызметтің негізгі бағыттары анықталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары мен басымдығы бар секторлар тобы белгіленген.    

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің