National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтан хат келді

2013 жылғы 10 қазан

 

Өз хатында Б.Сапарбаев ауыл шаруашылығын жаңғырту мәселесіне баса назар аудара келіп, «Қазақстан – 2050» Стратегиясында» белгіленген міндеттердің өңірде іске асыруы туралы баяндаған.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының әкімі өсімдік өнімдері өндірісін ұлғайту жөніндегі шаралардан хабардар еткен. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 77,6 мың гектарға, негізгі майлы және жем-шөп дақылдарының егістік алқабы 62,8 мың гектарға ұлғайтылған. 370 мың гектар алқапта ылғал сақтау технологиясы енгізілген, құны 3,5 млрд. теңге болатын 340-тан астам ауылшаруашылық техникасы сатып алынған.

Мемлекеттік қолдау шаралары арқасында өңірде бір миллион тоннадан астам астық жиналды, бұл ұн, нан және нан өнімдеріне деген облыс тұрғындары сұранысын толық өтеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда майлы дақылдардың жиын-терін жұмысы жүріп жатыр, оның түсімі гектарына 11,4 центнерді құрайды.

Б.Сапарбаев өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты биылғы 8 айда 4,7 миллиард теңгеге жеткенін, ал бұл көрсеткіш 2012 жылы 2,6 миллиард теңге болғанын атап өткен.

Хат соңында Шығыс Қазақстан облысы әкімі өңірдің ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері еліміздің агроөнеркәсіп кешенін жеделдете дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірген.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің