National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды

2015 жылғы 10 сәуір

 

Мемлекет басшысына Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын саралап,  баға беретін заманауи интеллектуалдық орталық болуды көздеп отырған музейдің қызметі туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінге дейінгі археологиялық, этнографиялық, тарихи-мәдени ескерткіштері қойылған экспозициялық залдарды аралап көрді.

 ***

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі 2014 жылы ашылды. Жалпы алаңы 74 мың шаршы метр болатын музей кешені жеті блоктан тұрады. 14 мың шаршы метрден астам аумақта 11 тақырыптық зал бар орналасқан, олардың қатарында Астанаға, Тәуелсіз Қазақстанға арналған залдар, алтын залы, ежелгі және орта ғасыр тарихы, этнография және қазіргі заманғы өнер залдары бар. Мекеме әлемдік стандарттарға сай құралдармен жабдықталған, экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары қолданылады.

Сонымен қатар, балалар музейіне, балалардың шығармашылық орталығына, көрме залдарына, қалпына келтіру шеберханаларына, зертханаларға, кәсіби қор сақтау қоймасына, оқу залы бар ғылыми кітапханаға, конференция залы мен кәдесыйлар дүңгіршектеріне арналған орынжайлар қарастырылған. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

2026 жылғы 06 шілде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің