National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында «Эни» компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесті

2014 жылғы 11 маусым

 

Кездесуде компанияның Қарашығанақ және Солтүстік Каспий жобаларын жүзеге асыруға қатысуы жөніндегі негізгі жайттар, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен өзара іс-қимылы туралы әңгіме қозғалды.

Нұрсұлтан Назарбаев К.Дескальциді жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтады және қызметіне табыс тіледі.

- Біздің кездесуіміз Италия Премьер-Министрі Маттео Ренцидің жұмыс сапары қарсаңында өтіп отыр. Біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас ылғи да жоғары деңгейде болды.  «Эни» компаниясы Қазақстанда 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді, біздің ынтымақтастығымыздың ең басты тармағы Солтүстік Каспий жобасы болып саналады. Туындаған қиындықтарға қарамастан, біз қойылған міндетті әрі қарай шеше алатынымызға сенімдімін, - деді Қазақстан Президенті

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Қашаған мұнай-газ кенішін игеруге байланысты жобаны жүзеге асыру барысына қатысты алаңдаушылығын білдірді.

Сонымен қатар елдегі мұнай-газ саласын одан әрі дамыту және энергия ресурстарын тасымалдау желісін кеңейтуге жағдай жасау мәселелері талқыланды.

«Эни» – мұнай мен газды барлау, өндіру, тасымалдау, өңдеу және жеткізу бағыттары бойынша жұмыс істейтін интеграцияланған энергетикалық компания. Өз жұмысын компания 79 елде жүргізеді, оған жалпы саны 80 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылып отыр. Қазақстанда «Эни» компаниясы 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді.


 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің