National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті елімізге жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

2015 жылғы 19 наурыз

 

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасының негізгі мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастық аясында елдеріміз қол жеткізген барлық уағдаластықтар табысты орындалып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы екі елдің көптеген бірлескен кәсіпорындары жұмыс жүргізіп жатқанына назар аудара келіп, бұл істің алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Беларусь Президентінің Украина дағдарысын реттеу ісіндегі үлесіне тоқталып өтті.

– Орын алып отырған тайталастың ешкімге пайда бермейтіні жөніндегі біздің ұстанымдарымыз толығымен үндеседі, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті үш мемлекет басшысының алдағы кездесуі ынтымақтастықтың қазіргі кездегі өзекті және перспективалық мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретінін айтты.

А.Лукашенко өз кезегінде екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылды бұдан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Беларусь Президенті Қазақстандағы алда тұрған Президент сайлауының жайына тоқталды. 

– Қазақстан халқы Сізге зор ілтипатпен және ерекше жылылықпен қарайтынын білемін. Біздің де Сізге деген көзқарасымызды білесіз. Біз Сізге тілекшіміз және жеңіс тілейміз, – деді А.Лукашенко.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

2026 жылғы 06 шілде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің