National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы «Astana Group» компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады

2018 жылғы 06 мамыр

Кездесу барысында Нұрлан Смағұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа автомобиль жасау саласының дамуы және автомобильдерді экспортқа шығару мәселесі жөнінде баяндады.      

– Автомобиль саудасының көлемі артып келе жатқаны байқалады. Автомобиль жасау мекемелерінде «Маз» көлігін құрастыра бастадық.  Алматыдағы зауыт «Hyundai» машинасын бояуға және дәнекерлеуге толықтай көшті. Ресей Федерациясына 450 автомобильді экспорттадық, Тәжікстанға 300 «Hyundai County» автобусын жасап, жөнелту жөнінде келісімге келдік. Мұндай операцияларды Өзбекстанмен де бірге жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Осылайша, Қазақстан өндіріс алаңы ретінде Орталық Азияда  маңызды рөл атқара бастады, – деп қорытындылады компания басшысы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Смағұловты өндіріс қызметіне сіңірген еңбегі және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің