National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Монако Князі II Альбер «Грейс Келли - Монако Ханшайымының дәуірі» атты көрменің ашылу салтанатына қатысты

2012 жылғы 02 қараша

 

«Грейс Келли - Монако Ханшайымының дәуірі» атты көрме Монако князі III Реньенің зайыбы және танымал голливуд актрисасы Грейс Келлидің жеке өміріне арналған.

Бұл бірегей жоба 2008 жылы шілдеде Монакодағы Гримальди Форумының көрме залына оның баласы, Монако Князі II Альбердің бастамасы бойынша қойылған.

Әлемдік турне аясындағы көрме Париж, Мәскеу, Амстердам, Токио, Рим, Сан-Паулу, Нью-Йорк тәрізді әлемнің ірі қалаларында зор табыспен өтті.

Көрмеде княгиня өмірінің кейбір сәттері - Филадельфияда өткен балалық шағы, Голливудтағы салтанатты сәттер, Князьбен кездесуі, ана атанған және Монако символы болған жылдар көрініс тапқан.

Экспозиция арасында жеке заттары, фотосуреттері, княгиняның әшекейлері, балалар ойыншықтары, оның Князь Реньемен, түрлі король отбасы мүшелерімен, А.Хичкокпен, Б.Кросбимен, К.Грантпен, Ж.Кеннедимен, М.Ростроповичпен, Р.Нуриевпен және М.Шагаломен жазбаларынан құжаттар, сондай-ақ Грейс Келлидің кейбір үй киножазбалары да бар.       


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

2026 жылғы 04 шілде

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің