National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті

2015 жылғы 04 маусым

 

Кездесу барысында кеңес қызметінің негізгі бағыттары, оның жұмысын жетілдіру жолдары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан экономикасындағы ауыл шаруашылығы саласын қоса қамтитын  түрлі секторларды дамытуға банктің қатысу мәселелері қаралды.  

Қазақстан Президенті Еуропалық қайта құру және даму банкі еліміздің стратегиялық серіктесі екенін атап көрсетті.

– Біз негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру аясында бірқатар халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтасып отырмыз. ЕҚДБ біздің елімізде шағын және орта бизнесті дамыту, инфрақұрылым, индустрия және инновацияларды қоса қамтитын түрлі бағыттарда жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, Сіздің банктің қолдауымен ауқымды «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы жүзеге асырылуда, осыған байланысты ризашылығымды білдіргім келеді, – деді Мемлекет басшысы.

С.Чакрабарти Қазақстанның инфрақұрылымдық даму жолындағы бағдарының маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастық бұдан әрі де жемісті болады деп үміттенетінін жеткізді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

2026 жылғы 06 шілде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің