National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты

2016 жылғы 21 наурыз

 

Елбасы этно-ауылды аралап көрді. Мұнда концерттік бағдарлама, театрландырылған көріністер, спорт сайыстары, колөнершілер ауылы мен ұлттық салт-дәстүрді таныстыру шаралары ұйымдастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақыт пен бақ-береке тіледі.

Осынау ізгі мереке Парламент сайлауын өткізу шарасымен қатар келді. Қазақстандықтар бір үйдің баласындай тұтастығын көрсетті. Халқымыздың осы бірлігі мызғымайтын болсын. Біздің жасап жатқанымыздың бәрі қазақстандықтардың кейінгі ұрпағына мұра болып қалады. Біздің болашаққа апаратын жолымыз зор жетістіктер мен Тәуелсіздігіміздің игіліктері арқылы жарқырап тұратын болсын. Барша табиғат жаңарған Наурыз мерекесінде адамдар әрдайым бір-біріне деген өкпе-ренішін кешірген, мұқтаждарға көмектескен, бақыт тілеп, ағаш отырғызған және бұлақ көзін ашқан. Халық бұл күні тілеген тілектер міндетті түрде орындалатынын айтады. Мен әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық шуағын және бар жақсылықты тілеймін, – деді Қазақстан Президенті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

2026 жылғы 04 шілде

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің