National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаттармен кездесті

2016 жылғы 24 наурыз

 

Кездесу барысында Елбасы депутаттарды сайлануларымен құттықтап, жұмыстарының табысты болуына тілектестігін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар «Нұр Отан» партиясына Мәжіліс қана емес, барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында да қолдау көрсеткенін атап өтті.

Қазақстан Президенті сайлауалды тұғырнамадағы мақсаттарға жету үшін партияның әрбір мүшесіне зор жауапкершілік жүктелетінін айтты.

– Біз «Нұр Отанның» әрқашан да нақты істер партиясы екенін дәлелдей алатынымызға сенімдімін. Сондықтан Парламент, Үкімет және Ұлттық жаңғырту жөніндегі комиссия нақты әрі үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тұтастық пен өзара түсіністік арқылы ғана шешетін боламыз. Біздің барлық реформаларымыздың табыстылығы осыған байланысты. Дағдарыс кезеңі – тың өзгерістер жасайтын кез. Біз ештеңеге қарамастан, осыны қолға алдық. Сондықтан сіздерге бірінші күннен-ақ бұл жұмысқа кірісу керек болады, – деді Қазақстан Президенті.  

Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясының Парламенттегі фракциясының мүшелері Г.Щегельский, М.Айсина және  Б.Мәкен сөз сөйледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

2026 жылғы 04 шілде

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің