National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесті

2016 жылғы 28 қараша

Кездесуге Президент Әкімшілігінің, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Іс-шара барысында еліміздегі мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері Мемлекет басшысына өздері басшылық ететін мекеменің қызметі туралы есеп берді.

Сонымен бірге Қазақстан Президенті мемлекеттік БАҚ-тың жетістіктерімен және олардың алдағы даму жоспарларымен танысты. Елбасы жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге септігін тигізетін сапалы отандық медиаконтент әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

– Мемлекеттік БАҚ медиа саласы нарығынан өз орнын алу үшін жұмыс жүргізуге тиіс. Мейлінше тартымды, соның ішінде әлемдік мәдениет пен тарих туралы ақпараттық контенттің көбірек болғаны жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отандық БАҚ жетекшілері Мемлекет басшысына Қазақстанның ақпарат әлеміндегі қазіргі ахуал және оның даму перспективалары туралы баяндады.

Соңында Елбасы бәсекеге қабілетті мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыру қажеттігін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің