National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

2017 жылғы 29 сәуір

Мемлекеттер басшыларына «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аралау барысында кәсіпорынның жүзім өсіру, шарап жасау ісін дамыту саласындағы жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Екі елдің басшылары жүзім қабылдау және оны ферментациялау сатысының технологиялық желісімен танысты, сондай-ақ өнім тазартылып, құтыларға құйылатын цехтарды аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёевке жүзім алқабы мен жаңғақ егілетін аумақтар көрсетілді.

***

Зауыттың ақ және қызыл шарап өндіру үшін қажетті қуаттылығы жеткілікті, сондай-ақ шығарылатын шараптың сапасына бақылау жүргізетін зертхана бар. Кәсіпорындағы өндірістік кезең еуропалық үздік стандарттарға сай жүзеге асырылады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 08 шілде

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

2026 жылғы 01 тамыз

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

Жарлық

2026 жылғы 22 шілде

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің