National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барды

2020 жылғы 21 ақпан

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Қазақстан Президенті бас мүфтиді  жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Кездесу барысында елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, дін арқылы азаматтарды келісім мен ынтымаққа шақыру, рухани бағдар беру қажеттілігі мен  жат діни ағымдардың зиянды әрекеттері жайында айтылды.

– Халықты татулыққа, бірлікке, пәтуаға шақыру керек. Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үдерістер пайда болып жатыр. Сондықтан бұған тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Ел мүддесіне қызмет етіп, осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы ақпараттық және ұйымдастырушылық жұмыстары мен қайырымдылық шараларының жоспарын таныстырды. Басқарма жұмысы имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік  және әділдік сияқты жеті рухани қазыққа негізделмек. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің