National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Ақмола облысы Целиноград ауданы жұртшылығы өкілдерімен кездесу

2013 жылғы 03 желтоқсан

 

Родина ауылының мәдениет үйінде болған кездесу барысында Мемлекет басшысы елдімекен мен агрокәсіпорынның даму қарқыны жақсы екенін атап өтті.

– Ауылда 1700-ден астам адам тұрады. Осы адамдар мен ұжымның арқасында ауыл дамып келеді. Еңбек өнімділігі артуда. Шаруашылық басшылығы мен актив бұл ауылдың өркендеуі үшін бәрін жасауда. Егер де барлық шаруашылық осылай бар ынтасымен жұмыс істейтін болса, біздің елімізде азық-түлік өнімдері артығымен болар еді, – деді Қазақстан Президенті. 

Өз кезегінде тұрғындар ауылдың дамуы, соның ішінде бірқатар әлеуметтік нысандардың салынуы, бала туудың өскені және тұрғын үймен қамтамасыз етілуі жөнінде айтты. Сондай-ақ олар Мемлекет басшысын ел игілігін одан әрі нығайтуға өздерінің лайықты үлес қосатынына сендірді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындарға табыс пен игілік тіледі.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің