National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында болды

2015 жылғы 27 наурыз

 

Елбасы кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы жұмысымен танысты, сондай-ақ мекеме ұжымымен әңгімелесті.
Орталықтың жаңа ғимараты осы мекеменің өз қаражатына бес жыл ішінде тұрғызылды. Ғылыми-клиникалық орталықтың 7 бөлімшесі, ота жасайтын бөлмелері, заманауи құрылғылармен жабдықталған жан сақтау бөлімі, жайлы палаталары бар. Мұнда жүрекке жасалатын отаның барлық түрін қамтитын кең ауқымды қызмет көрсетіледі. Бұл мекеме сондай-ақ елдегі көптеген медициналық оқу орындары үшін кардиохирургия, кардиоанестезиология және жан сақтау салалары бойынша мамандар даярлауға арналған клиникалық база қызметін атқарады.

Жамбыл облысының тұрғындары үшін 2013 жылдан бері тегін медициналық көмек көрсетіледі. Өзге өңірлердің тұрғындары тегін көмекті госпиталдау бюросының порталы арқылы алуына болады. Бүгінде консультативтік-емдік көмек алу үшін азаматтар елдің басқа өңірлерінен, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан келіп, осы орталық қызметіне жүгінуде. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің