National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында Тараз қаласындағы «Інжу» білім беру кешенінде болды

2013 жылғы 21 қараша

Мемлекет басшысына өңірдегі мектепке дейінгі білім және орта білім беру ісін дамыту, сондай-ақ білім беру нысандары құрылысын жүзеге асыруды қамтитын бағдарламаларды іске асырудың негізгі нәтижелері туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев облыста апатты жағдайдағы мектептерді және үш ауысыммен оқытуды жою жөніндегі жүйелі жұмыстарды бұдан әрі жалғастыру қажеттігіне назар аударды.

«Інжу» білім беру мекемесі «Балапан» бағдарламасы аясында мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде салынған, оған 280 орынға арналған балабақша, 80 орынға арналған бастауыш мектеп-гимназия кіреді.

Кешенде оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін 12 топ және 4 сынып ашылған. Онда барлығы 12 педагог және 36 тәрбиеші еңбек етеді.

Екі қабатты үш корпустан тұратын кешен ғимаратын салу кезінде 128 жаңа жұмыс орны ашылды, жобаның құны – 650 млн. теңге.   


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің