National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан, Беларусь және Ресей Президенттері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырыстарының қорытындылары бойынша бірлескен брифинг өткізді

2012 жылғы 19 желтоқсан

Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырыстарында интеграциялық өзара іс-қимылдың келешегі талқыланғанын атап өтті.

- Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруда келешекте атқарылатын жұмыстар кездесудің негізгі тақырыбына айналды. Сондай-ақ алдағы уақытта соның негізінде Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы Шарт әзірленетін болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.   

Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ посткеңестік кеңістіктегі ең тиімді интеграциялық бірлестіктердің бірі болып саналатынын атап өтті. ТМД өзінің нәтижелілігін жоғалта бастағаннан кейін, дәл осы бірлестік өз міндетін атқарды. ЕурАэЭҚ қызметінің негізінде Кеден одағы мен БЭК құрылуда.

- Біздің жетістігіміз – Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік. Біз оның бәрін өзіне тартатын тиімді және маңызды ұйым болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда толық шешімталдық көрсеттік. Бүгінде біздің арамызда өте жан-жақты және сенімді әңгімелесу болды. Мен атқарылған жұмыстарға ризамын, өйткені біз дұрыс жолда келеміз. Кеден одағы, болашақ Еуразиялық экономикалық одақ – бүгінде бар қатерлерге біздің жауабымыз, біздің экономикамызға қатер төндіруі мүмкін дағдарыстық құбылыстарға қатысты шешіміміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.       

Қазақстан Президенті Кеден одағының ішінде тауар айналымын арттыра отырып, біздің елдеріміздің экономикасы әлемдік нарықтағы бәсекелестікке жақсы дайындалғанын, себебі көлемі 170 миллион адамдық ішкі нарық құрылғанын атап көрсетті.

Ресей Президенті Владимир Путин жүргізілген келісссөздердің сындарлы және өте мазмұнды болғанын, сондай-ақ барлық қатысушылар практикалық нәтижені көздегенін атап өтті.

- Еуразиялық экономикалық интеграция – біздің мемлекеттеріміздің әрбірінің саналы ерікті таңдауы. Көпжоспарлы интеграция оң нәтижелерін беруде. Мысалы, Кеден одағы қызмет жасай бастаған уақыт ішінде біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы 10 пайызға артты, - деді Владимир Путин.   

ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің алдағы жылғы төрағасы болып Ресей Федерациясы анықталды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің