National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Эйрбас Милитари» компаниясының басшысы Доминго Уренья-Расомен кездесу өткізді

2013 жылғы 05 ақпан

Кездесуде одан арғы ынтымақтастыққа, соның ішінде әскери-көлік авиациясына техникалық қызмет көрсету саласына байланысты ауқымды мәселелер қаралды.

Қазақстан Президенті «Эйрбас Милитари» компаниясымен бірқатар бірлескен жобалар іске асырылып жатқанын атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету қажеттігіне тоқталды.

Өз кезегінде Д.Уренья-Расо компанияның Қазақстандағы ұзақ мерзімді қызметі екі ел үкіметтерінің жақсы қарым-қатынастарының арқасында қалыптасқанын және қол жеткізілген келісімдер аясында жүргізіліп келе жатқанын айтты. Сонымен қатар, «Эйрбас Милитари» басшысы компанияның Қазақстандағы авиация өнеркәсібін дамытуға қатысуға дайын екенін мәлім етті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен «Эйрбас Милитари» арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Испанияның «Эйрбас Милитари» компаниясы Еуропалық Аэроғарыш және Қорғаныс Концернінің (EADS) құрамына кіретін Airbus SAS авиақұрылыс компаниясының бөлімшесі болып саналады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің