National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

2014 жылғы 29 сәуір

 

Кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты сауда-экономикалық ықпалдастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының маңыздылығын атап өтті.

– Біз өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім және өзге салалардағы екіжақты ынтымақтастықты барған сайын жоғары деңгейге көтере түсуді мақсат етіп отырмыз. Елдеріміз арасындағы сенім мен достыққа негізделген қарым-қатынастардың даму қарқыны жақсы екенін зор қанағаттанушылықпен атап өтуге болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Александр Лукашенконы Беларусьта бүгін атап өтілетін бабаларды еске алу күні – Радуницамен құттықтады.

Өз кезегінде Беларусь Президенті екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қарқынды түрде нығайып келе жатқанын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан Президентінің М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі дәрісі кезінде айтылған Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қатысты идеясын талқылауға дайын екенін айтты.       


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің