National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысының атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Франция Президенті Франсуа Олландтан құттықтау жеделхаты келіп түсті

2015 жылғы 29 сәуір

 

Франсуа Олланд Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Мен Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өткім келеді, бұл менің таяуда Сіздің елге жасаған сапарымда айқын көрінді», – делінген жеделхатта.

Франция Президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты екі елдің игілігі үшін одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді.

«Сіздің тұрақтылықты және Орталық Азия елдерімен тату көршілік қарым-қатынасты қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған күш-жігеріңізді Францияның қолдайтынына сендіргім келеді», – делінген құттықтауда.

Ф.Олланд сондай-ақ Қазақстан Президентіне елді жаңғырту және демократиялық реформаларды жүзеге асыру ісінде табыс тіледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 24 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады

2026 жылғы 29 маусым

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады

Жарлық

2026 жылғы 30 маусым

Е.Т. Қарин туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің