National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Әсет Исекешев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына қатысты

ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев 17 қараша күні бейнеконференция форматында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына қатысты.

Іс-шараға Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Патрушев, Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы А.Григорян, Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Мусаев, Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Махмудзода, Белорусияның Қауіпсіздік Кеңесі Мемлекеттік хатшысының орынбасары М.Пузиков және ҰҚШҰ Бас хатшысы С.Зась қатысты (2020 жылы ҰҚШҰ-ға Ресей Федерациясы төрағалық еткенін ескере отырып, отырысты Мәскеу қаласында өткізу жоспарланған болатын).

Тараптар жиын барысында халықаралық және өңірлік ахуалдың негізгі аспектілері туралы пікір алмасты. Өзекті сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдардың, террористік әрекеттердің, есірткінің заңсыз айналымымен күрес жүргізудің практикалық шараларына, киберқауіпсіздік саласындағы бірлескен шараларға басты назар аударылды.

Әсет Исекешев ҰҚШҰ-ның маңызды бағыттары бойынша Қазақстанның атқарып жатқан жұмысы жайында әріптестерін хабардар етіп, халықаралық терроризммен және экстремизммен күресте кешенді әрі жүйелі тәсіл қажет екенін атап өтті.

Жиында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары халықаралық терроризммен, терроризмнің және онымен  байланысты экстремистік идеологиялардың тарауына қарсы күрес жүргізу мақсатында Ынтымақтастық пен үйлестіру күштерін нығайту туралы мәлімдеме қабылдады.

Сондай-ақ Ұйым аясында өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Кездесу қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен биылғы жылдың 2 желтоқсан күніне жоспарланған  Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының күн тәртібінің жобасы келісілді.

ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысы 2021 жылы Тәжікстан Республикасында өтеді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 01 сәуір

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады

2021 жылғы 14 сәуір

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады

Жарлық

2021 жылғы 05 сәуір

Хроника