National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қалмұханбет Қасымов Ресейдің Қаупсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушевпен кездесті

Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың және Ресей Федерациясы Қаупсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушевтің төрағалығымен өткен келіссөздер барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар су қауіпсіздігінің жағдайын және трансшекаралық су ресурстарының экожүйелерін сақтау бойынша шараларды егжей-тегжейлі қарады. Соның ішінде Жайық өзенінің бассейнін сауықтыру туралы бірлескен жұмыс бойынша пікір алмасты.

Бұдан бөлек күн тәртібіне әлемде сауда-экономикалық тыйым салу жағдайындағы екі мемлекеттің әскери-техникалық ынтымақтастықты күшейту бағыттары шығарылды.     

Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік Кеңестерінің хатшылары әлемдік және өңірлік қауіпсіздік саласындағы қазіргі ахуал мен әріптестіктің дамудың алдағы бағыттары бойынша пікірлерін білдірді.

Жұмыс нәтижелері бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 01 сәуір

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады

2021 жылғы 14 сәуір

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады

Жарлық

2021 жылғы 05 сәуір

Хроника