National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғабит Байжанов ТМД-ға мүше елдердің қауіпсіздік қеңестері хатшыларының VI кездесуіне қатысты

Іс-шара барысында делегациялар басшылары ТМД кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке төніп тұрған қазіргі қауіп-қатерлер тұрғысынан өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Ауғанстандағы ахуал мен Орталық Азиядағы мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамсыз ету жөніндегі шаралар, терроризм мен діни экстремизмді қаржыландыруды болдырмау, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары деңгейіндегі кезекті екі жақты консультациялар аясында Ғ.Байжанов ресейлік әріптесі Н.Патрушевпен келіссөз өткізді.

Кездесу барысында тараптар қауіпсіздік саласындағы екі жақты қарым-қатынастардың кең ауқымды бағыттары, соның ішінде халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы тұру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі өзара ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы