National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы Өкілдігі

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан

Республикасы Құрылтайындағы Өкілдігінің басшысы

Мұрат Әділғазыұлы ҚАЙЫРБЕК  

1979 жылы 27 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, 2012 жылы Ұлыбританияның Эксетер университетін тәмамдаған.

2003-2004 жылдары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы;

2004-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының қызметкері, Ақпарат-талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің инспекторы, сектор меңгерушісі;

2019-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2026 жылы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Құрылтайдағы Өкілдігінің басшысы болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару