National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Мемлекеттік бақылау бөлімі

Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі 

Бақытжан Шаймұхаметұлы САПИЕВ

1966 жылы 25 маусымда Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2006 жылы Экономика және құқық академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1988-1992 жылдары – Қазақ ауыл шаруашылығы институтының «Ауыл шаруашылығында электр және жылу қуатын қолдану» кафедрасының лаборанты, ассистенті, аға оқытушысы;

1992-1993 жылдары – Алматы қаласы Алатау аудандық әкімшілігі құрылыс бөлімінің маманы, бас маманы;

1993-1997 жылдары – Алматы қаласы Алатау аудандық әкімшілігі экологиялық инспекциясының басшысы;

1997-1998 жылдары – Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігі аппаратының экологиялық-санитарлық инспекциясы бөлімінің басшысы;

1998-2008 жылдары – Алматы қаласы, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары;

2008-2012 жылдары – Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы;

2018-2019 жылдары – Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы – мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор;

2019-2020 жылдары – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары;

2020-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің Мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары;

2023 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару