.jpg)
1979 жылы 27 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, 2012 жылы Ұлыбританияның Эксетер университетін тәмамдаған.
2003-2004 жылдары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы;
2004-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының қызметкері, Ақпарат-талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің инспекторы, сектор меңгерушісі;
2019-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
2026 жылы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Құрылтайдағы Өкілдігінің басшысы болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған.