Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі
Жандос Бақытбекұлы ИМАНАЛИЕВ

1991 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.
Білімі: жоғары, жаһандық қауіпсіздік саласының магистрі.
2013 жылы КИМЭП университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша аяқтаған.
2018 жылы Назарбаев университетінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратура бітірген.
2020 жылы Джонс Хопкинс университетінің «Жаһандық қауіпсіздік» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы КИМЭП университетінде әлеуметтік ғылымдар факультеті оқытушысының ассисенті болып бастаған.
2013-2014 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Консульдық қызмет департаментінің екінші дәрежелі маманы.
2014-2017 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы.
2017-2021 жылдары – ҚР Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы.
2021-2022 жылдары – ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі қызметін қамтамасыз ету секторының сарапшысы, консультанты.
2022-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің сектор меңгерушісі;
2023 жылғы қаңтардан бастап – ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2025 жылдың 15 қазанында Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
ІІ сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесіне ие.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.