National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров

1979 жылы туған.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2020 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясының магистратурасын бітірген.

1999-2000 жж. – Республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының олимпиадалық резервін даярлау бойынша математика мұғалімі.

2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаментінің референті, кейін атташесі.

2002 ж. – Қазақстан СІМ-нің Инвестиция жөніндегі комитетінің үшінші хатшысы.

2002-2004 жж. – Қазақстан СІМ-нің ТМД істері жөніндегі комитетінің үшінші хатшысы, кейін екінші хатшысы.

2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар бөлімінің сарапшысы.

2006-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының аға сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі, осы орталық меңгерушісінің орынбасары.

2016-2017 жж. – Қазақстан СІМ-нің ТМД департаментінің директоры.

2017-2022 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2022-2026 жж. – Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.

2026 жылғы 5 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

 

«Құрмет» (2023) орденімен, «Ерен еңбегі үшін» (2010) медалімен марапатталған.

2023 жылы ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілді.

 

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару