National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ғизат Нұрдәулетов ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының XI кездесуіне қатысты

Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының XI кездесуі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Кездесуге қатысушылар Достастық кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Тараптар қазіргі жағдайдағы халықаралық қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен қауіптеріне, гибридті қауіп күшейген кезде қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ суды пайдалануға және ТМД елдеріндегі су ресурстарын бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы мәлімет берді. Сондай-ақ мемлекетіміздің мүддесін ескере отырып, өзара іс-қимылды дамыту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы