National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ғизат Нұрдәулетов ТМД-ға мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуіне қатысты

Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XII кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Тараптар Достастық кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда, қазіргі жағдайдағы халықаралық қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен тәуекелдері, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ Ауғанстан бойынша өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы әріптестеріне өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттарына қатысты еліміздің ұстанымын хабардар етті және ұлттық мүддені ескере отырып, өзара ықпалдастықты дамыту туралы бірқатар ұсынысын жеткізді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

2026 жылғы 07 шілде

Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 07 шілде

Б.Н. Асыловты тағайындау туралы